Мырыш туралы Препарат Кімдерге арналған Қай жерден сатып алуға болады Жариялымдар Байланыстар Нұсқаулық
ru
kz

МЫРЫШ ЖӘНЕ БІЗДІҢ ИММУНИТЕТІМІЗ

Қымбат емес үйге арналған тауарлар сатып алу үшін дүкендегі кассаға кезекте тұрмын. Күтпеген жерден көрші тұрған аданың арбасынан пластикалық контейнерлер, тұрмыстық химия, балалар шұлықтары мен жасыл бұршақтар арасынан таблеткалары бар бірнеше қаптаманы байқап қалдым. «Балық майы, D дәрумені, мырыш», — деп оқып шығып, өз көзіме өзім сенбей тұрдым. Дәрумендер және жалпы дәрі-дәрмектер осылайша оп-оңай мысықтың тамағы, балалар ойыншықтары мен дәретхана қағазымен бірге қашаннан бастап сатыла бастаған еді? Олар пайдалы ма? Оларды кім және қандай ингредиенттерден әзірлейді?

Арбаның иесін әңгімеге тарттым. Көптеген заманауи пациенттер сияқты, ол да дәрігерлерге сенімін жоғалтқан және жиі өз бетінше «гуглден іздестіріп», интернеттен диагнозды, емдеу схемасын да қарап шығатын болды. Балық майы және дәрумендерді жүйелі түрде қабылдайды. Ал мырышты бірінші рет қолданып көргісі келгендігін айтты, себебі пандемия кезінде иммунитетті нығайту маңызды, ал мырыштың рөл маңызды екендігін жақында білген екен. Алайда мырышты бірден, әлде екпе салғаннан кейін қабылдау керек екендігі туралы әлі шешім қабылдамаған екен.

Әрине, жалпы алғанда ақпарат дұрыс. Мырыш — маңызды микроэлемент, ол адам ағзасының барлық жүйелерінің жұмысын реттейді және біздің бактериялар, вирустар мен инфекцияларға қарсы тұру қабілетімізді бақылауда ұстайы. Ең алдымен, мырыштың деңгейіне Т-лимфоциттердің пісіп жетілуіне және жасушалық иммунитеттің қалыптасуына жауап беретін тимустың, немесе айырша бездің қызметі байланысты болады.

Мырыш айырша бездің қанның ақ түйіршіктерін күшейткіштерінің қызметін күшейтетін бірнеше гормонды бөліп шығаруға әсер етеді, олар да мырыш қажет. Осылайша, моноциттер мен макрофагтар жасушалық қоқысты, бактерияларды және вирустарды сіңіреді және жояды. Микроағзалардың басып кіруіне кедергі келтіре отырып, макрофагтар ықтимал қауіп туралы ақпаратты талдайды және иммундық жүйенің басқа жасушаларына жібереді. Бұл маңызды жасушалар ағзадағы мырыш тапшылығына өте сезімтал келеді. NK-жасушалардың, немесе киллер жасушалардың міндетіне вирус жұқтырған немесе қатерлі ісік жасушаларын жою кіреді. Егер мырыш деңгейі төмендесе, NK-жасуша белгі алмайды және әрекет етпейді, бұл белсенді вирустық шабуыл кезінде өте қауіпті.

Ақырында, мырыш ағзадағы табиғи қорғаныс механизмдерін іске қосуға қатысады. Басқа дәрумендермен бірге мырыш біздің туа біткен иммунитетімізге инфекцияларға тосқауыл қоюға және иммундық жүйе іске қосылғанға дейін вирустардың көбеюін бұғаттауға көмектеседі.

Суық тию басталғаннан кейінгі алғашқы бірнеше күнде сироп немесе таблетка түріндегі мырышты қабылдау ағзаға жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекцияларымен тиімді күресуге көмектесетіндігі таң қалатын жай емес, ол мұнымен аурудың қайталануына және асқынуына жол бермейді.

Соңғы жылдардағы клиникалық зерттеулері мырыштың COVID-19 ауруын алдын-алуға, оны емдеу және аурудан кейін ағзаның қалпына келінуіне көмектесетін тиімді құрал екенін сендіре дәлелдейді.

Сонымен қатар, бірқатар зерттеушілер иммунитеттің күшті қолдау көрсетуінің арқасында мырыш екпе егуді оңай және асқынусыз өткізуге және екпеге тұрақты иммундық жауап қалыптастыруға көмектеседі деп атап өтті.

Мырышты қалай дұрыс қабылдау керек және «Хозяюшкадан» алынған таблеткаларға сенім білдіруге бола ма?

Мырыш ағзада жиналмайтындығы және синтезделмейтіндігі мәлім, оның тапшылығын азық-түлік өнімдерімен толықтыру үнемі тиімді бола бермейді, өйткені бұл микроэлементті сіңіру өте қиын. Өз диетаңызға сүт өнімдерін жиі қосасыз ба? Кальций мырыштың биоқолжетімділігін төмендетеді. Спортпен көп шұғылдансаңыз немесе веган болуға шешім қабылдасаңыз — мырыштың тәуліктік мөлшерін арттырған жөн. Антибиотиктер, диабетке қарсы, жүктілікке қарсы препараттар қабылдайсыз ба? Осы және басқа да антидәрумендер мырышқа мұқтаждықты арттырады. Мырыштың шамадан көп мөлшерін қабылдай бастадыңыз ба? Оның артық мөлшері ағзаның мысты сіңіру қабілетіне жағымсыз әсер етеді. Қысқасы,құрамында мырыш бар препаратты таңдаған кезде сіздің жасыңыз, жынысыңыз, физикалық жағдайыңыз, өмір сүру салтыңыз және басқа да көптеген факторларды ескеру қажет.

Мырыш қоспасының пішініне, құрамына және өндірушісіне үнемі назар аударыңыз! Мысалы, дәрумендер мен минералдар тапшылығымен байланысты ауруларды емдеуге арналған дәрілік препараттарды әзірлеу жөнідегі көшбасшы, «Вёрваг Фарма» неміс фармацевтикалық компаниясы мырыш тапшылығының алдын-алу және емдеу үшін Цинкит заманауи монопрепаратын ұсынады. Монопрепараттың формуласы мырыштың оңтайлы мөлшерлеуін қамтамасыз етеді, ал көпіретін таблеткалар түріндегі тез еритін дәрілік түрі қабылдау процесін жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар жеңіл сіңірілуіне және жылдам әрекет етуіге кепілдік береді.

Мамандар құрамында мырыш бар препараттарды үнемі қабылдауға кеңес бермейді. Мырыш теңгерімін қалыпқа келтіру үшін бір ай бойы күніне Цинкиттің 1 таблеткасын қабылдау жеткілікті. Қабылдау курсын жылына 2–3 рет қайталауға болады, әсіресе суық тию мезгілінде және коронавирустың күрт артуы және иммунитетке қауіп төндіретін басқа аурулар кезінде.

қайту