Мырыш туралы Препарат Кімдерге арналған Қай жерден сатып алуға болады Жариялымдар Байланыстар Нұсқаулық
ru
kz

Сіздің иммунитетіңіз ерлік жасауға дайын!

Мырыштың қосымша көзі
Оңтайлы құрам, ыңғайлы формат:
1 көпіретін таблетка — 10 мг мырыш

Толығырақ білу
БИОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВТІ ҚОСЫМША. Дәрі -дәрмек емес.

Мырыш туралы

1 2 3 4
1

Мырыш — адам ағзасының барлық жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуінде шешуші рөл атқаратын маңызды микроэлемент, атап айтқанда: зат алмасу процестеріне қатысады, тіндердің қалпына келу процестерін жеделдетеді, қабынуға қарсы және антиоксиданттық қасиеттерге ие, ұрпақ жаңғырту (репродуктивті) қызметтерін қалыпқа келтіреді.
Ағзаның вирустарға, бактериялрға және ісік жасушаларына қарсы тұру қабілеті тікелей мырышқа байланысты. Алдымен, ол инфекцияларға тосқауыл құратын және иммундық жүйені белсендірмес бұрын вирустардың көбеюіне жол бермейтін адамның туа біткен иммунитетінің іске қосылуына жауап береді.

2

ДДСҰ деректері бойынша мырыштың жеткілікті көлемдегі тапшылығы Жер шары халқының 31 %-дан астамында байқалады. Тіпті денсаулығы жақсы адамдардың өзінде мырышты тұтынудың орташа деңгейі күнделікті ұсынылған норманың 45–67 % аспайды. Мырыш тапшылығының айтарлықтай сыни көрсеткіштері балаларда, қарт адамдарда, жүкті әйелдерде, әртүрлі диета жақтаушыларында, спортшылар мен күйзелістерге ұшырағыш және салауатты өмір салтын ұстанбайтын заманауи мегаполистердің тұрғындарында байқалады.

3

Мырыш тапшылығының белгілері

  • Жадтың нашарлауы, зейін қоюдың төмендеуі
  • Ұйқысыздық, депрессия, ашуланшақтық
  • Тәбеттің және дәм қабілетінің төмендеуі
  • Дерматиттер, безеу бөртпелері, жараның ұзақ уақыт жазылуы
  • Шаш және тырнақтардың сынғыштығы
  • Көз торының зақымдануы және көз көргіштігінің төмендеуі
  • Еркектік қауқарының әлсіреуі, жүктіліктің ауыр жолы
4

Мырыш тапшылығын тудыратын факторлар:

  • Жас ерекшелігіне байланысты болатын өзгерістер
  • Күйзелістер
  • Зиянды әдеттер
  • Теңгерімсіз тамақтану және әртүрлі диеталар
  • Қарқынды спортпен жаттығулар
  • Әртүрлі аурулар мен қабыну процестері
  • Өзге препараттардың жағымсыз әсерлері

Препараттың артықшылықтары:

Оңтайлы мөлшерленуі бар монопрепарат Көптеген дәрумендер мен минералдар нашар үйлесетіндіктен және бір-бірінің жұмысын бұғаттайтындықтан, мырыш үлкен полидәрумендер кешенінің құрамында өте сирек кездеседі. Сонымен қатар, құрамына кіретін компоненттердің мөлшерленуі жоғары болмағандықтан, полидәрумендер кешені тек профилактикалық мақсаттарда қолданылады. Полидәрумендер кешендерінен айырмашылығы, монопрепараттың формуласы мырыштың оңтайлы мөлшерлеуін қамтамасыз етеді, ол тез сіңеді, сондықтан Цинкит емдеу және профилактикалық мақсаттар үшін де тиімді құрал болып табылады.
Табиғи ингредиенттер Дәрумен-минералдар тапшылығымен байланысты аурулар терапиясына арналған жоғары тиімді өнімдерді жасау бойынша көшбасшы болып табылатын Вёрваг Фарма шығарылатын препараттардың құрамына ерекше назар аударады. Цинкит өндірісінде тек табиғи ингредиенттер мен еуропалық субстракциялар қолданылады, олар препараттың жоғары сапасы мен экологиялық тазалығын қамтамасыз етеді.
Көпіретін таблеткалар қабылдауға қолайлы Көпіретін таблеткалар — әсіресе балалар мен қарттар үшін, дәрі-дәрмектерді қабылдаудың ең қарапайым және ыңғайлы тәсілдерінің бірі болып табылады. Мырыштың осындай күйі басқа дәрумендер мен минералдар сияқты жылдам сіңіріледі, яғни жылдам әсер ете бастайды. Цинкит көпіретін таблеткаларының тағы бір артықшылығы — дәл мөлшерленуі және ағзаға теңгерімді әсер етуі.
Неміс сапасы «Цинкит» препаратының өндірушісі неміс компаниясы Вёрваг Фарма оның сапа кепілі болып табылады, ол 50 жылдан астам уақыт бойы өркениеттің басты аурулары терапиясында дәрумендер мен минералдарды қолдану бойынша инновациялық шешімдер әзірлеп келеді. Цинкит препаратының клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі әлемнің жетекші медициналық орталықтарының ең жақсы мамандары мен жан-жақты зерттеулерімен расталған.
Маракуйяның сергіткіш дәмі Маракуйя заманауи фармакологияда көпіретін дәрілік препараттардың дәмін жақсарту үшін жиі қолданылып келеді. Бұл шырынды тропикалық жеміс дәрумендерге бай, ішектің жұмысын жақсартады және микробқа қарсы құрал болып табылады, ал маракуйя жемісінің жарқын хош иісі балалардың Цинкитті қабылдауын жеңілдетіп қана қоймай, көңіл-күйлерін көтереді.

Кімдерге арналған

Бүкіл отбасы мүшелері үшін — әр отбасы мүшесінің мырыш тапшылығын толтырудың оңтайлы түрі Егде жастағы адамдар үшін — иммундық жүйенің қызметін жақсарту, инфекцияларға төзімділікті арттыру, жас ерекшелігіне байланысты аурулардың алдын алу Әйелдер үшін — мықты иммунитет және сұлулық, жастық және әйел денсаулығының көзі Еркектер үшін — сенімді иммундық қорғаныс, дұрыс гормоналды фон және жоғары жыныстық белсенділік Балалар үшін — инфекциялар мен вирустарға төзімділікті арттыру және қалыпты даму мен өсуді сақтап тұру Жүкті әйелдер үшін — иммунитетті нығайту, ұрпақ жаңғырту (репродуктивті) мәселелерін жою, ұрықтың ешбір патологиясыз дамуы Спортшылар үшін — қарқынды жаттығулар барысында мырыштың деңгейін қалыпты жағдайда ұстау, бұлшықет массасының өсуін ынталандыру және бұлшықеттерден сүт қышқылын шығару процестерін жеделдету

Қай жерден сатып алуға болады

Сіз Цинкитті серіктестеріміздің дәріханалар желісінен сатып ала аласыз
Daribar.kz Маркетплейс Аптек

Жариялымдар

МЫРЫШ — ВИРУСТАР МЕН ИНФЕКЦИЯЛАРҒА ҚАРСЫ ТҰРАТЫН ТАБИҒИ ҚАЛҚАН Толығырақ білу
ИММУНИТЕТТІ ДҰРЫС НЫҒАЙТАМЫЗ Толығырақ білу
МЫРЫШ ЖӘНЕ БІЗДІҢ ИММУНИТЕТІМІЗ Толығырақ білу

Байланыстар

Өкiлдiгi "WÖRWAG PHARMA GmbH & Co.KG"

Алматы қаласы, пошта индексi 050040/A15T0G9, Тимирязев көшесі, 28 «В», офис 310 Тел.: +7 /727/ 341-09-75, Факс: +7 /727/ 341-09-76 info@woerwagpharma.kz Біз әлеуметтік желілердемiз:
БИОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВТІ ҚОСЫМША. Дәрі -дәрмек емес.