Мырыш туралы Препарат Кімдерге арналған Қай жерден сатып алуға болады Жариялымдар Байланыстар Нұсқаулық
ru
kz

МЫРЫШ — ВИРУСТАР МЕН ИНФЕКЦИЯЛАРҒА ҚАРСЫ ТҰРАТЫН ТАБИҒИ ҚАЛҚАН

Адам сексен пайызға судан, және бар жоғы 2 грамм мырыштан тұратыны мәлім. Алайда, су — бұл өмір көзі болса, мырыш — біздің туа біткен иммунитетіміздің маңызды құрауышы болып табылады.

Мырыш көпшілікке «сұлулық минералы» тұрғысынан танымал болғандығына қарамастан, ол бір уақытта және бірінші кезекте ферменттердің жұмысын реттейді және ағзаның инфекциялық ауруларға қарсы тұруын арттырады. Пандемия қауіпі осы алмастырылмайтын микроэлементтің пайдалы қасиеттерін мұқият зерттеуге мәжбүрледі, мырыш жасушалық метаболизмге үлкен әсерін тигізеді, тіндердің қалпына келуін жылдамдатады, қабынуға қарсы және антиоксидантты қасиеттерге тән, ұрпақ жаңғырту (репродуктивті) қызметін қалыптастырады. Ал ең бастысы — иммундық бейімделу процестерінің өту жылдамдығы және ағзаның вирустарға қарсы тұру қабілеті мырышқа байланысты болады.

Мырыш жетіспеушілігі біздің ағзаның барлық жүйелерін теріс әсерін тигізеді: дәм және иіс сезу сезімталдығы төмендейді, есте сақтау және зейін қою қабілеті нашарлайды, жараларды жазылып кетуі бәсеңдейді, қалқанша безінің жұмысы бұзылады, онкологиялық аурулардың, қант диабеті, катаракта, бедеулік, белсіздік ауруларының даму, жабығу қаупі артады, шаштың, терінің және тырнақтың жағдайы нашарлайды, тәбет жоғалады, сабырлық төмендейді.

Статистикаға жүгінейік. ДДСҰ деректері бойынша, Жер шары тұрғындарының 31 %-дан астамы мырышты жеткілікті мөлшерде алмайды. Тек жүкті әйелдерде бұл көрсеткіш 80 пайыздан асады! Сондай-ақ, балалар, қарт адамдар, әртүрлі диета (әсіресе өсімдік негізіндегі) жақтаушылары, спортшылар, бүйрек және бауыр аурулары бар адамдар қауіп-қатер тобында.

Мамандардың пікірі бойынша, мырыш тапшылығы нағыз індет сипатына ие және осы жағдай вирустық инфекциялардың артуына себеп болды, бұл бір элементтің адамның бүкіл иммундық жүйесіне қалай әсер ететінін көрсетеді.

Мырышты жеткілікті түрде тұтынбау, ағзаның бактериялар мен вирустармен күресу қабілетінен, сонымен қатар қабынуға әкелетін иммундық реакцияларды реттеу қабілетінен айырады.

Қазіргі таңда мырыштың COVID-19 инфекциясын емдеудегі тиімділігін зерттеуге бағытталған көптеген клиникалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. 2011 жылы аурудың алғашқы бірнеше күндерінде сироп немесе таблетка түріндегі құрамында мырыш бар препараттарды қабылдау сауығу процесін жылдамдататынын, сондай-ақ ЖРВИ және басқа да суық тию ауруларының өту сипатын жеңілдететінін дәлелдеген бірқатар ауқымды зерттеулер жүргізілгенін атап айтқан жөн.

Соңғы жылдардағы ғылыми деректер, құрамында мырыш бар препараттарды жүйел түрде қабылдау COVID-19 ауруын алдын-алу және емдеу үшін пайдалы болуы мүмкін деген болжам жасауға мүмкіндік береді (және ол тәжірибелік тұрғыдан көптеген дәлелдерді қамтиды).

Мырыш вирустың жасушаларға енуіне көмектесетін ангиотензинге түрлендіретін ферменттің 2 (ACE2) белсенділігін төмендету есебінен коронавирусты бұғаттай алады деген болжам бар. Адекватты мырыш мәртебесін сақтау коронавируспен ауру қаупін төмендететін, тиімді иммундық қарсы тұруды қалыптастырады, инфекцияға төзімділікті арттырады, аурудың жеңіл түрде өтуін қамтамасыз етеді және қалпына келтіру процесін жылдамдатады.

Заманауи адамның тәуліктік нормасы — шамамен 15 мг мырыш. Көптеген өнімдер мырышқа бай екендігіне қарамастан, мұндай мырыштың сіңірілуі өте қиын. Сонымен қатар, кейбір аурулар (диабет ауруы, суық тию, безеу, Альцгеймер ауруы), және бірқатар препараттарды қабылдау ағзаның мырышты тұтынуын арттырады немесе оның сіңірілуін төмендетеді.

Бұл жағдайда мырышты микроэлементтердің жақсы сіңірілуін қамтамасыз ететін және адамның нақты белгілеріне, жас ерекшелігіне және басқа да ерекшеліктерге есептелген мінсіз терапевтік шоғырлануда қабылдау ерекше маңызды.

Иммунитетке табиғи түрде қолдау көрсету, COVID-19 және басқа да вирустық инфекциялардың алдын алу және мырыш жетіспеушілігін болдырмау мақсатында немістің жетекші «Вёрваг Фарма» фармацевтикалық компаниясы көпіршікті таблеткалар түрінде монопрепарат — Цинкитті әзірлеп шығарды.

Полидәрумендер кешендерінен айырмашылығы, монопрепараттың формуласы мырыштың оңтайлы мөлшерлеуін қамтамасыз етеді, ол жылдам сіңеді, бұл Цинкитті емдеу және профилактикалық мақсаттарда қабылдауға мүмкіндік береді. Күніне небәрі 1–2 таблетка қабылдасаңыз, сіздің иммунитетіңіз ерлікке дайын болады!

қайту