Мырыш туралы Препарат Кімдерге арналған Қай жерден сатып алуға болады Жариялымдар Байланыстар Нұсқаулық
ru
kz

ИММУНИТЕТТІ ДҰРЫС НЫҒАЙТАМЫЗ

Пандемия кез-келгенімізді иммунитетті нығайтуға және ағзаны түрлі инфекциялардан қорғауға қатысты нағыз сарапшы етті. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, ағзаның вирустар мен бактерияларға қарсы тұру қабілетін арттыру үшін өте қарапайым, алайда тиімді ережелерді сақтау керек.

Салауатты өмір салты және толыққанды тамақтану — иммундық жүйені қолдаудың тиімді әдісі. Пандемия кезінде біз аз қозғала бастадық, бірнеше сағаттар бойы түре гаджеттерге үңіліп отырдық және күйзелісті фастфудпен басып отырдық. Осының барлығы біздің салмағымызға ғана емес, сонымен жалпы көңіл күйімізге жағымсыз әсер етті. Спортпен шұғылданыңыз, жеке жаттығу жоспарын құрыңыз, шынығыңыз, зиянды әдеттерден бас тартыңыз, көбірек серуендеңіз және таза ауамен тыныстаңыз.

Өз ұйқыңызға назар аударыңыз. Ғалымдар адамның ұйқысы мен оның иммунитетінің мықтылығының арасында тікелей байланыс орнатты. Үнемі ұйқының қанбауына байланысты ағзаның резервтері тез таусылады, иммунитет төмендейді және инфекцияны жұқтыру қаупі анағұрлым арта түседі. Неміс ғалымдарының болжамы бойынша, ұйықтау кезінде «иммунологиялық» жад қалыптасады және нығаяды, бұл Т-жасушаларға күні бойында кездесетін патогендік микробтар туралы ақпаратты талдауға көмектеседі. Ұйқының сапасы ерекше маңызды екенін ұмытпаған жөн: 23: 00-ге дейін ұйықтау тамаша үйлесімді, себебі бұл уақытта иммунитетті ынталандыратын гормон – мелатонин белсенді өндіріледі.

Иммунитетке арналған кез-келген мақалада, алғашқы кезекте дәрумендер мен пробиотиктерді қабылдау туралы кеңестер жиі кездеседі. «С» дәруменінің көмегімен коронавирусқа қарсы тұру үшін барлығымыз зімбір мен лимон сатып алуға асыққанымыз есіңізде шығар.

Шындығында, A, C, D, В2, В6, В12, E дәрумендер бөгде микроорганизмдерді бұғаттауға көмектеседі және микробқа қарсы қорғанысты жақсартады, Т және В-лимфоциттердің өндірісін арттырады, аутоиммунды реакциялардың дамуына кедергі келтіреді, жасуша қабығының антиоксидантты қорғанысын жүзеге асырады.

Алада бұл тізім, иммунитеттің «білгіштері» жиі ұмытып кететін бір маңызды микроэлементсіз толық болмас еді. Ғалымдар әдеттегі иммундық бұзылыстың белгілеріне талдау жасады, олар: жиі суық тию және инфекциялық аурулардың асқынуы, жаралардың баяу жазылуы, созылмалы шаршағыштық синдромы және ашуланшақтық — және олардың адам ағзасындағы мырыш тапшылығының белгілерімен сәйкес келетіндігін анықтады.

Мырыш тапшылығы — иммунитеттің төмендеуіне негізгі әсерін тигізетіндігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Иммунитетке мен иммундық жүйенің тиімді жұмыс жасауына жауап беретін маңызды жасушалар — Т-лимфоциттердің қалыптасуы мен жетілу жылдамдығы, сонымен қатар макрофагтар, нейтрофилдер, NK жасушалары сияқты «табиғи киллерлердің» қызметі мырыш деңгейіне тікелей байланысты.

Мырыш ағзаның жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясын тудыратын риновирустарды жұқтыру салдарын жеңілдетеді және ауру ұзақтығын қысқартады, олардың репликациясына жол бермейді және олардың жасуша мембраналарына бекітілу қабілетін бұғаттайды. Клиникалық зерттеулер COVID-19 инфекциясын емдеуде мырышты қолданудың тиімділігін растайды.

Дегенмен, денсаулығы жақсы адамдардың өзінде мырышты тұтынудың орташа деңгейі күнделікті ұсынылған норманың 45–67 %-нан аспайды. Үлкен кісілердің ағзасындағы мырыштың мөлшері оңтайлы диета сақтаған жағдайдың өзінде төмендейді. Қарқынды жаттығулар, вегетариандықты ұстану, алкогольді немесе кофеинді шамадан артық қолдану мырыштың қажеттілігін арттырады. Қалқанша безі қызметінің бұзылуы, бауыр аурулары, күйзелістер, бірқатар дәрілік препараттарды (тіпті жүктілікке қарсы дәрілерді) қабылдау мырыш тапшылығын тудырады. Кальций, темір, мыс және басқа да минералдар мырыштың сіңуіне кедергі келтіреді.

Өмірге қауіп төндіретін инфекциялардың даму қаупін төмендететін мырыш мәртебесін қалай қалыпта ұстауға болады? Мырышты ағзаның жеке ерекшеліктерін ескере отырып және маманмен кеңескеннен кейін ғана дұрыс қабылдау керек!

Мырыш тапшылығының алдын алу және емдеу үшін «Вёрваг Фарма» немістің жетекші фармацевтикалық компаниясы Цинкит — бірегей монопрепаратын әзірлеп шығарды. Компания бұрыннан дәрумендер мен минералдар тапшылығымен байланысты ауруларды емдеуге арналған дәрілік препараттарды әзірлеуге маманданған, ал әрбір препаратты әзірлеп шығарудың алдында жетекші медициналық орталықтармен ынтымақтаса отырып елеулі ғылыми зерттеулер жүргізіледі, олар емдік дәрі-дәрмектердің клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігін растайды.

Цинкиттің жалғыз артықшылығы - аты аңызға айналған неміс сапасы ғана емес. Ол ересектерге де, балаларға да қабылдауға ыңғайлы көпіршікті таблеткалар түрінде шығарылады. Иммунитетті қорғаудан басқа, Цинкит гормоналды тепе-теңдікті реттейді, теріңізге, шашыңыз бен тырнақтарыңызға сұлулық пен балғындық береді, тіндердің қалпына келу (регенерация) процестерін жеделдетеді, ағзаның ұрпақ жаңғырту (репродуктивті) қызметін қалыпқа келтіреді, көру қабілетін жақсартады, жұмысқа қабілеттілікті және сабырлықты арттырады.

Сонымен қатар, «С» дәрумен мырыштың арқасында жақсы сіңіріледі.

қайту